Шымкентте әскерде қаза тапқан Дінмұхаммед Шынарбек жерленді

19.09.2025, 17:28
770
Шымкентте әскерде қаза тапқан Дінмұхаммед Шынарбек жерленді әлеуметтік желіден

Марқұмның жақындары сарбаздың денесін тапқан кезде қолы арт жағынан байланып тұрғанын айтқан еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте Матибұлақтағы әскери бөлімде көз жұмған сарбаз Дінмұхаммед Шынарбекпен қоштасу рәсімі өтті.

Жерлеуге туыстары мен жақындары, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты.

Дінмұхаммед әскер қатарына небәрі бес ай бұрын шақырылған. Алайда оның өліміне қатысты ресми нұсқаға туыстары күмән келтіріп отыр. Әскерилердің айтуынша, сарбаз өзіне қол салған болуы мүмкін. Бірақ отбасы бұған сенбейді.

«Денесін тапқан кезде қолы арт жағынан байланып тұрған. Оны өлтірген. Бұған әскери бөлімнің салғырттығы себеп. Дұрыс бақылау болмаған», – дейді марқұмның жақындары.

Туыстарының айтуынша, Дінмұхаммед өмірді сүйетін, алға қойған арманы бар жігіт болған. Ол колледжде аспаздықты оқып, кондитер болып жұмыс істеген. Болашақта жеке кондитерлік кәсібін ашуды мақсат тұтқан.

Марқұм отбасындағы ең кенже бала еді. Артында егіз сыңары, сондай-ақ ағасы мен әпкесі қалды.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр