Жұмысшы мамандықтарына жаңа серпін

19.09.2025, 20:53
419
Жұмысшы мамандықтарына жаңа серпін

Қазіргі қоғамда бәсекеге қабілетті, кәсіби шеберлігі жоғары жұмысшы мамандарға сұраныс арта түсті.

Осы мақсатта Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі жұмысшы мамандықтарының беделін көтеріп, студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған ауқымды іс-шараларды қолға алуда.

Соның жарқын дәлелі - колледж бастамасымен өткен бүгінгі баспасөз туры.

Шара барысында қатысушылар алдымен колледж тарихымен танысып, мұражай экспозициясын аралап, оқу орнының 95 жылдық тарихы мен серіктестер картасын тамашалады.

Сонымен қатар, студенттердің сабақтан тыс белсенді өмірі - спорттық, шығармашылық үйірмелер мен «Жас сарбаз» жобасының жұмысы көрсетілді. Колледж директорының міндетін атқарушы  Ермұхан Бауыржан оқу орнының миссиясы, даярлау бағыттары, дуалды оқыту жүйесінің артықшылықтары, халықаралық аккредитациядан өтуі және шетелдік әріптестік байланыстар жайлы кеңінен әңгімелеп берді.

Бұдан кейін баспасөз-тур қатысушылары өндірістік тәжірибе алаңдарына барып, студенттердің нақты жұмыс барысындағы әрекеттерін көру мүмкіндігіне ие болды.

Мұнда жастар вагон жөндеу депосында дөңгелек жұптарын жөндеу ісіне тікелей араласып, теміржол саласының қыр-сырын үйреніп жатқанын көрсетті. Сондай-ақ олар күріш өңдеу алаңында болып, өнімді қабылдау, өңдеу, сұрыптау және қаптау процесінің барлық кезеңдерін бақылап, ауыл шаруашылығы өндірісінің толық циклін зерделеді. Бұл тәжірибе студенттерге тек теориялық білімді бекітуге ғана емес, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы өзара байланысты терең түсінуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, жастар қаладағы заманауи «Toyota» орталығында автокөлік диагностикасы мен жөндеу жұмыстарын меңгеріп, қозғалтқыш, электр жүйелері және қосалқы бөлшектерді ауыстыру сияқты нақты өндірістік процестерге қатысты.

Шара соңында табысты түлектермен кездесу ұйымдастырылып, өз кәсібін ашқан кәсіпкерлер мен колледжде қызмет етіп жүрген жас мамандар тәжірибелерімен бөлісті. Олар студенттерді үздіксіз ізденуге, білікті маман болуға және еңбек нарығында сұранысқа ие болуға шақырды.

Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілген бұл іс-шара жастардың кәсіби әлеуетін арттырып, еңбек нарығына сенімді қадам жасауына жол ашты.

Осындай тәжірибе алаңы студенттердің кәсіби машығын шыңдап қана қоймай, еңбек мәдениетін қалыптастыруға, жұмысқа деген жауапкершілік сезімін арттырып, өңір экономикасына да серпін берері сөзсіз.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді