SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 22 қыркүйекте өтетін БҰҰ конференциясында бірқатар ел Палестинаның мемлекеттілігін ресми түрде мойындамақ. Бұл туралы Франция президенті Эмманюэль Макронның кеңесшісі мәлімдеді.
AFP агенттігінің ақпаратына сәйкес, тізімде Франция, Андорра, Австралия, Бельгия, Ұлыбритания, Канада, Люксембург, Мальта, Португалия және Сан-Марино бар.
Елисей сарайы өкілдері Израильдің Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы палестиналық жерлерді басып алуын айыптап, мұны «қызыл сызық» деп атады.
Франция басшысы бұған дейін 22 қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Палестинаны мойындау жөнінде арнайы конференция ұйымдастырылатынын хабарлаған. Бұл қадам Газа секторындағы жағдайға немесе Израильдің саяси шешімдеріне тәуелсіз жүзеге асырылмақ.
Айта кетсек, 24 шілдеде Макрон БҰҰ мінберінде Париждің Палестинаны мойындауға дайын екенін жариялаған еді. Ал 29 шілдеде Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің кеңсесі Лондон гуманитарлық көмекті бөгейтін болса, Палестинаны танитынын жеткізген.
Қазіргі таңда Палестинаны 148 мемлекет мойындап отыр. Оның 95 елде елшілігі мен тұрақты өкілдігі бар. Ал КСРО және оның құқықтық мұрагері Ресей бұл қадамды 1988 жылы жасаған.
RUS