SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында полиция, ұлттық қауіпсіздік комитеті және прокуратураның бірлескен рейді кезінде жасөспірімдерді заңсыз діни ұйымның идеологиясына оқыту фактісі анықталды.
Тексеру барысында жатақхана ретінде пайдаланылған ғимараттан шетелдік діни әдебиеттер мен оқу құралдары табылды. Ұйымдастырушылардың бұған дейін өзін қайырымдылық қоры немесе балалар пансионаты ретінде көрсетіп, жасырын түрде діни сабақтар өткізгені белгілі болды. Биыл наурыз айында Талдықорған соты мұндай жалған мекемелерді мәжбүрлеп жапқан.
Нәтижесінде:
кәмелетке толмағандарды заңсыз діни сабақтарға тартқан ұйымдастырушы жауапқа тартылды;
тіркеусіз тұрған төрт «ұстаз» әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
ата-аналарға балаларды дұрыс тәрбиелемегені үшін шара қолданылды;
ата-анасы басқа өңірде тұратын бір жасөспірім бейімдеу орталығына жіберілді.
Қазіргі уақытта діни топты ұйымдастырған адамдарға қатысты тексеріс жалғасып жатыр. Қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданады.
Полицияның ескертуінше, кәмелетке толмағандарды заңсыз діни қызметке тарту – ауыр құқықбұзушылық және заңға сәйкес қатаң жазаланады.
RUS