571

«Ең керемет қарсы алу»: Астанадағы әуежай қызметкерлері Backstreet Boys тобына тосынсый жасады

Қызметкерлер жаппай билеп, топ мүшелерін таңғалдырды.

«Ең керемет қарсы алу»: Астанадағы әуежай қызметкерлері Backstreet Boys тобына тосынсый жасады
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана әуежайында әйгілі Backstreet Boys тобы ерекше ықыласпен қарсы алынды. Әуе компаниясының қызметкерлері музыканттарға арналған тосынсый ретінде атақты «Everybody» әніне би биледі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода бортсеріктер мен пилот киіміндегі ерлер мен әйелдердің синхронды қимылдап, топ әніне сахналық нөмір қойғаны көрінеді.

Топ мүшесі Ник Картер роликті Instagram парақшасында жариялап, алған әсерін жасыра алмады:

«Қазақстан! Не болып жатыр? Бұл шынымен әуежай ма? Сіздер қалжыңдап тұрсыздар ма?» – деп таңданысын білдірді ол.

Әнші жазбасына:

«Астана әуежайындағы ең керемет таңғы қарсы алу. Қазақстандағы махаббат пен қолдау үшін өте ризамын», – деп қосты.

Backstreet Boys Қазақстанға гастрольдік тур аясында келді. Кеше топ Алматыда концерт беріп, енді Астанадағы тыңдармандарымен кездесуге дайындалып жатыр.

Материал авторы