321

Макрон: Палестинада Франция елшілігі тұтқындар босатылмай ашылмайды

Франция Палестинада елшілік ашуға шарт қойды.

Макрон: Палестинада Франция елшілігі тұтқындар босатылмай ашылмайды
Dan Kitwood / Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция президенті Эммануэль Макрон Палестинада елшілік ашу мәселесі Газа секторындағы тұтқындардың босатылуына тікелей байланысты екенін мәлімдеді. Бұл туралы Al Jazeera хабарлады.

Оның сөзінше, Париж Палестина мемлекетін мойындау жоспарын жариялағанымен, ХАМАС қолында қалған адамдар бостандыққа шықпайынша, елшілік ашу мүмкін емес.

«Тұтқындарды босату – біздің Палестинада елшілік ашуымыздың басты шарты», — деді Макрон.

Сонымен қатар ол Израильдің палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруге бағытталған кез келген жоспарларына түбегейлі қарсы екенін жеткізді.

«Мұндай әрекет – ақылсыздық болар еді. Біз бұған АҚШ-тың беделі үшін де, Францияның мүддесі үшін де көз жұма қарай алмаймыз», — деп мәлімдеді ол.

Материал авторы