SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанның Бішкек қаласында қоғамдық көлікте жүкті әйел тағы бір жүкті жолаушыны соққыға жықты. Бұл туралы Ленин аудандық ІІБ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада қолында сәбиі мен арбасымен жүрген жас әйелдің өзге жолаушыға тап бергені анық көрінеді. Оқиға 19 қыркүйекте №212 бағыттағы автобуста болған.
Милиция қызметкерлері 2005 жылы туған М.С. есімді азаматшаны ұстады. Ол 30 жастағы жолаушыны ұрып-соққан деп айыпталуда. Жәбірленушінің туысы құқық қорғау органдарына арызданған. Әйел жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Әлеуметтік желі қолданушылары оның да жүкті екенін жазды.
Бұл дерек бойынша Қырғызстан Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.
«Айта кетейік, М.С-тің кішкентай баласы бар және ол қазір екіқабаттың екінші айында», — делінген милиция хабарламасында.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.
RUS