442

Құлсарыда балаларға тиіскен ер адам ұсталды

Қаскөй екі баланы азғындауға тырысқан.

Құлсарыда балаларға тиіскен ер адам ұсталды
threads / tolegenurshat

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысының Құлсары қаласында екі баланы азғыруға тырысқан ер адам құрықталды.

Полицияның мәліметінше, 1985 жылы туған күдікті — жергілікті тұрғын әрі II топтағы мүгедек. Ол 8–9 жастағы екі балаға қатысты заңға қайшы әрекет жасады деген күдікке ілінген.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары ата-аналармен әңгіме өткізіп, балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертті», — деді Атырау облыстық полиция департаменті.

Жағдай әлеуметтік желілерде де талқыланды. Белгілі болғандай, оқиғаны куәгер әйел байқап қалған. Ол баласын балабақшадан алуға бара жатқанда, бейтаныс ер адамның екі баланы қолынан жетектеп, сүймекші болғанын көрген.

Тергеу барысы облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында.

Материал авторы