512

Қайрат Боранбаев Назарбаевтарды «Қайрат» – «Реал» матчына шақырмаған

Ешқандай ресми шақырту жіберген жоқпын дейді Боранбаевтың өзі.

Қайрат Боранбаев Назарбаевтарды «Қайрат» – «Реал» матчына шақырмаған
Sputnik / Сергей Ким

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, футбол клубы «Қайраттың» иесі Қайрат Боранбаев алдағы «Қайрат» – «Реал» матчы жайлы пікір білдірді. Ол отбасы мүшелеріне ешқандай ресми шақырту жіберілмегенін айтты. Бұл туралы Хроника жазды.

Боранбаевтың сөзінше, клуб та, өзі де Назарбаевтар әулетіне билет ұсынбаған.

«Әр жанкүйер белгіленген тәртіппен өзі билет сатып ала алады», – деді ол.

Бұған дейін бірқатар БАҚ 30 қыркүйектегі ойында Назарбаевтар отбасы түгел жиналады деген ақпарат таратқан. Ertenmedia тіпті Дариға Назарбаеваның Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығының ашылуына қатысқанын, қалада Әлия Назарбаева жүргенін, ал Нұрәлі Әлиевтің келуі күтілетінін жазған еді.

Еске салсақ, марқұм Айсұлтан Назарбаев кезінде футбол федерациясын басқаруға үміткер болған. Оның әкесі Рахат Әлиев шамамен жеті жыл бойы саланы бақылауда ұстап, Қазақстанның УЕФА құрамына өтуіне ықпал еткенін мәлімдеген.

Материал авторы