SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы «Дипломат», «Мисон», «Лазурный квартал» секілді тұрғын үй кешендерінде заңсыз жезөкшелікпен айналысқан топтың ісі әшкереленді.
Құқық қорғаушылар қыркүйек айындағы жедел шаралар кезінде 14 адамды ұстады. Ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары астаналық бірнеше алаяқтың да жолын кесті. Солардың бірі – бұрын сотталған әйел, ол әлеуметтік желілер арқылы ер адамдарды алдап, интимдік кездесулерді желеу етіп ақша бопсалаған. Полицияға жалған арыз беремін деп қорқытып келген ол ұсталды.
Тағы бір қала тұрғыны өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, ақша талап еткен. Оның қолынан жалған куәлік табылды. Бұдан бөлек, 25 жастағы жігіт азаматтарды қарумен қорқытып, бопсалаумен айналысқан. Оның үстінен де қылмыстық іс қозғалды.
ІІМ «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.
RUS