500

«Мәңгүрттер, арсыздар»: Оралда экс-кандидат сайлаудағы бақылаушыларды қорлағаны үшін сотқа тартылды

Оралда Жұмабек Жапбарқұловтың ісі қаралды.

«Мәңгүрттер, арсыздар»: Оралда экс-кандидат сайлаудағы бақылаушыларды қорлағаны үшін сотқа тартылды
uralskweek.kz / Жұмабек Жапбарқұлов

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, экс-кандидат Жұмабек Жапбарқұлов шілдеде Қазталов округінің әкіміне өткен сайлаудан кейін бақылаушыларға қатысты жазған пікірінен соң сотқа берілген.

Сайлау кезінде «Жария» қоғамдық бірлестігінің бақылаушылары заңбұзушылықтар анықтаған: жалған қолдар мен өтініштер арқылы қашықтан дауыс беру ұйымдастырылған. Осыдан кейін учаскелік комиссия мүшелерінің жаппай жұмыстан босатылғаны белгілі болды.

Жағдайға наразы болған Жапбарқұлов Facebook желісінде бақылаушыларды қатты сынға алды:

«Мұндай мәңгүрттер, арсыздар әділет іздеп жүргенсіп, халықты тәуелсіздіктен айырады. «Жария» деген атпен құлдыққа жетелейді», – деп жазды ол.

Бұл сөздерді «Жария» жетекшісі өзіне және ұйымдағы бақылаушыларға тіл тигізу деп бағалап, сотқа арызданған.

Алайда сот тағайындаған психологиялық-филологиялық сараптама Жапбарқұловтың пікірінде қорлау немесе жала жоқ екенін көрсетті. Нәтижесінде іс құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Материал авторы