Алматыдағы автобус ішінде әдепсіз қылық жасаған ер адам іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)
Ер адам кішкентай қыздарға қарап мастурбация жасады дейді желі қолданушысы.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Алматыдағы қоғамдық көліктердің бірінде ер адамның әдепсіз әрекетке барған сәті түсірілген видео тарады.
Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталған. Қазір оны ұстау және заң аясында жауапқа тарту шаралары жүріп жатыр.
«Қоғамдық орындарда мұндай қылық — қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу. Ол айналадағы адамдардың ар-намысына тиеді және біздің қалада мүлде жол берілмейді», — деді ведомство өкілдері.
Полиция мұндай жағдайларға бейжай қарамауға шақырып, куә болған азаматтарды бірден 102 нөміріне хабарласуға үндеді.
Материал авторы
Азиз Қалижан
Редактор