«Қайрат» – «Реал Мадрид»: Алматыдағы тарихи матчқа билеттер сатылымға шықты

23.09.2025, 09:16
313
«Қайрат» – «Реал Мадрид»: Алматыдағы тарихи матчқа билеттер сатылымға шықты FC Kairat

Билет құны 30 мың теңгеден басталады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ең күтілген ойындардың бірі өтеді. 30 қыркүйек күні Орталық стадионда қазақстандық «Қайрат» испандық алпауыт «Реал Мадридке» қарсы алаңға шығады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, матчқа билеттер сатылымы бүгін, 23 қыркүйекте сағат 17:00-де басталады. Бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін белгіленген. Секторлар бойынша құны мынадай:

Батыс трибуна (1–9 сектор, 1–2 қатар) – 30 мың теңге;

Солтүстік және оңтүстік трибуналар – 75 мың теңге;

Шығыс трибуна – 150 мың теңге;

Батыс трибуна (орталық орындар) – 250 мың теңге.

Ережеге сәйкес, әр жанкүйер екі билеттен артық сатып ала алмайды. Тапсырыс кезінде және стадионға кіргенде жеке куәлік немесе төлқұжат деректері тексеріледі.

Билеттерді Ticketon платформасы, FCKAIRAT.COM ресми сайты және Qairat Superapp қосымшасы арқылы алуға болады.

Бұл кездесу қазақстандық футбол тарихындағы ең айшықты ойындардың бірі болуы мүмкін. Жанкүйерлер мұны нағыз футбол мерекесі деп атап отыр.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды