SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кеше кешке Жандосов көшесінің бойында асфальт опырылып, Алматыдан шығатын жолда бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің әлеуметтік желісінде видео жариялады.
Кадрларда мыңдаған жүргізушінің қозғалысы қиындап, жолдың толық бітелгені байқалады.
«Алдымен асфальт опырылды, артынша мердігер мекеме кептелістің дәл ортасында жөндеуге кірісіп кетті», – деп жазды Козачков.
Алматы қаласы әкімдігі де оқиғаны растады. Ведомствоның мәліметінше, асфальттың шөгуі қала энергетика және су шаруашылығы басқармасының тапсырысы бойынша жүргізілген су және кәріз желілерін төсеу жұмыстары кезінде болған.
«21–22 қыркүйекте Ақжар шағынауданындағы Жандосов көшесінің бір бөлігінде асфальтбетон жабындысы шөгіп кетті. Жол апатын болдырмау үшін учаскеде шұғыл қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жөндеу толық көлемде 22 қыркүйек сағат 19:00-де аяқталды», – делінген әкімдіктің хабарламасында.
RUS