Министрлік қазақстандық бензиннің Өзбекстанға жіберілмегенін айтты

23.09.2025, 11:17
473
Министрлік қазақстандық бензиннің Өзбекстанға жіберілмегенін айтты Pixabay

Қазақстанда жанармайды сыртқа шығаруға тыйым қатаң салынғанын еске салды Энергетика министрлігі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Энергетика министрлігі қазақстандық бензиннің Өзбекстанға экспортталып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда жанармайды сыртқа шығаруға тыйым қатаң сақталып отыр. Бензин ресми түрде Өзбекстанға да, басқа елдерге де экспортталмаған. Ал заңсыз жолмен шығару мәселесіне қатысты министрлік нақты дерек келтірмеді, бірақ контрабандамен күрес жүріп жатқанын атап өтті.

Министрліктің түсіндіруінше, даудың басталуына 2025 жылдың көктемінде қабылданған бір реттік шешім себеп болған. Сол кезде ел ішінде артық жиналып қалған АИ-92 маркалы бензинді сақтау қоймалары жеткіліксіз болғандықтан, белгілі бір көлемі Өзбекстанға сатылған.

«Сәуір-мамыр айларында ішкі нарықта жеткілікті көлем қалыптасқандықтан, артық қалған бензинді уақытша экспорттауға рұқсат берілді. Бұл халықаралық тәжірибеде бар қалыпты қадам. Бір жағынан қоймаларды босатуға, екінші жағынан бюджетке қосымша салық түсіруге мүмкіндік берді. Маусымнан бастап экспорт толығымен тоқтатылды. Бұл шешім жоспарлы жөндеу жұмыстарына дайындық үшін стратегиялық қор жинауға бағытталды», – деді министрлікте.

Ведомство мәліметінше, экспортқа тыйым салу елдегі жанармай қорын айтарлықтай арттырған. Жаздың басында АИ-92 қоры шамамен 70 %-ға, ал дизель көлемі 78 %-ға көбейген. Қазір нарықтағы жағдай тұрақты, тапшылық жоқ.

Бұған дейін Ресейдегі жанармай дағдарысына және көрші елдердегі баға айырмашылығына байланысты Қазақстаннан бензинді заңсыз әкету қаупі күшейгені айтылған еді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды