483

Тоқаев АҚШ-та Зеленскиймен кездесті

Тоқаев қақтығысты шешудің жолын айтты.

Тоқаев АҚШ-та Зеленскиймен кездесті
Дмитрий Азаров, Коммерсантъ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесті. Келіссөздер БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясы аясында өтті.

Кездесу барысында Қазақстан президенті Украинадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті.

«Бұл аса күрделі жағдайда дипломатиялық жұмысты жалғастыру қажет», — деді Тоқаев.

Өз кезегінде Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға қатысты өз ұстанымын жеткізді. Сондай-ақ тараптар екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде гуманитарлық саладағы байланыстарды талқылады.

Материал авторы