Алматыдағы Dragon City тұрғын үй кешеніндегі дау: Сатыбалды заңсыздықтарды тексеруді тапсырды

23.09.2025, 12:32
458
Алматыдағы Dragon City тұрғын үй кешеніндегі дау: Сатыбалды заңсыздықтарды тексеруді тапсырды Алматы әкімдігі

Алматының жаңа әкімі тұрғындардың назын тыңдады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жетісу ауданындағы Dragon City тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесіп, олардың шағымдарын тыңдады.

Алматылықтар заңсыз жер сатылымы мен қауіпсіздікке қатысты бірнеше мәселені көтерді. Ең үлкен дау – жертөледегі автотұрақтың қайта-қайта сатылуы және оның бағасының бірнеше есе қымбаттауы. Бастапқыда пәтерлермен бірге берілген паркинг кейіннен бөлек сатылымға шығарылып, құны 3 миллионнан 10 миллион теңгеге дейін өскен. Кейін бұл орындардың кейбірін коммерциялық нысанға айналдырған. Тұрғындар мұны әуелден жасалған айла-шарғы деп есептейді.

Сонымен қатар, кешендегі котельня жұмысы сенімсіз екені және жертөледе трансформаторлық подстанция орналасқаны айтылды.

Дархан Сатыбалды бұл мәселелерді жеке бақылауына алатынын мәлімдеді.

«Алгоритмді Экономикалық тергеу департаменті, прокуратура, ТЖ және басқа да органдармен бірге жасаймыз. Қажет болса, трансформаторды басқа жерге көшіреміз. Ең бастысы – 2,5 мыңға жуық тұрғынның өмірі мен қауіпсіздігіне төнетін қатерді жою», – деді әкім.

Әкім подстанцияны жертөледе орналастыруды үлкен қауіп деп атап, қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды