SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемге әйгілі актриса Анджелина Джоли АҚШ-тағы жағдайға алаңдаушылығын білдірді. Ол қазіргі Америка бұрынғыдан өзгеріп кеткенін айтып, сөз бостандығын шектеуді сынға алды. Бұл туралы The Guardian жазды.
Испаниядағы Сан-Себастьян кинофестивалінде сөйлеген сөзінде Джоли:
«Мен өз елімді жақсы көремін, бірақ қазір оны танымай барамын. Мен әрдайым шетелде өмір сүрдім, интернационал отбасым бар. Менің ұстанымым – теңдік, бірлік және интернационализм. Жеке пікір білдіру мен еркіндікті шектеудің кез келген түрі өте қауіпті», – деді.
Актриса қазіргі «қиын кезеңде» адамдардың айтқан сөзіне абай болып, еркіндікті қорғаудың маңызын атап өтті.
Бұл мәлімдеме АҚШ-тағы резонансты оқиғадан кейін жасалды. Жақында теле жүргізуші Джимми Киммел ABC арнасындағы жұмысынан шеттетілген болатын. Ол Дональд Трамптың жақтасы консерватор Чарли Киркке жасалған шабуылға қатысы болуы мүмкін деген пікір айтқан еді.
Киммел сонымен қатар MAGA қозғалысын («Америка қайтадан ұлы болсын») трагедияны саясиландырды деп айыптады. Бұл жағдай АҚШ-та сөз бостандығы төңірегінде қызу пікірталас тудырды.
RUS