432

Қазақстандықтар Backstreet Boys әншілерін моншаға апарып, ерекше шығарып салды

Backstreet Boys кетерде моншаға түсіп кетті.

Қазақстандықтар Backstreet Boys әншілерін моншаға апарып, ерекше шығарып салды
Instagram

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанға гастрольмен келген әйгілі америкалық Backstreet Boys тобы жергілікті дәстүрмен танысып, моншаға түсті. Әншілер демалыс сәтінен суреттерін әлеуметтік желілерде бөлісіп, қазақстандық көрермендерге ризашылығын білдірді.

«Қазақстандағы концерттеріміз арасында аздап тынығып үлгердік», – деп жазды топ мүшелері Instagram парақшасында.

Солистер Ник Картер мен Брайан Литтрелл қазақстандықтардың ыстық ықыласын ерекше атап өтті.

«Қазақстанда ғажайып уақыт өткіздік. Бізді керемет жылы қарсы алды. Әлемнің түкпір-түкпірінде жанкүйерлерімнің бар екеніне қуаныштымын. Өнер – бәрімізді біріктіретін күш. Өз атымнан ағаш отырғыздым», – деді Брайан Литтрелл.

Айта кетейік, музыканттарды Астанада ерекше флешмобпен қарсы алған болатын. Әуежайда күтпеген жерден олардың әйгілі «Everybody» әні қосылып, тазалаушыдан бастап, стюардесса мен «жолаушыларға» дейін барлығы би билей жөнелді. Бұл көріністі 30 кәсіби биші дайындаған.

«Алғашында музыканттар абдырап қалды. Кейін телефондарын алып, видеолар түсіріп, әнге қосылды», – деп жазды продюсер Мәлік Хасенов Instagram-да.

Топ мүшелері флешмоб видеосын өз аккаунттарына жариялап, қазақстандық сапарынан алған әсерімен бөлісті.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор