SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылордада әке мен қыз арасындағы жанжалдан кейін сот ер адамға қатысты әдеттегіден бөлек шешім қабылдады.
Іс материалдарына сәйкес, азамат У. үйінде қызына балағат сөздер айтып, мүлікті бүлдірген. Бұл әрекеті отбасындағы адамдарға құрметсіздік деп танылды.
Сот барысында ол кінәсін толық мойындап, қызынан кешірім сұрағанын айтты. Ал жәбірленуші әкесімен татуласқанын жеткізіп, істі тоқтатуды сұрады.
Судья екі тараптың татуласқанын ескеріп, ер адамды әкімшілік жауапкершіліктен босатты. Алайда оған арнайы талап қойылды: үш ай бойы алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға толық тыйым салынды.
RUS