Қостанайда Kia автомобильдерін шығаратын жаңа зауыт салынады

03.04.2023, 18:23
596
Қостанайда Kia автомобильдерін шығаратын жаңа зауыт салынады akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Allur компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына компанияның машина жасау саласын дамыту, инженерлердің біліктілігін арттыру және шетелден инвестиция тарту жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Президентке бүгінде 6 мыңнан астам отандасымыз еңбек етіп жатқан өндіріс орындары мен компанияның перспективті жобалары туралы баяндалды. Қостанай қаласында оңтүстік кореялық Kia корпорациясымен бірлесіп, Kia автомобильдерін шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталады.

Сонымен қатар Андрей Лаврентьев білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Компания Қостанай автомобиль көлігі колледжінде техникалық мамандықтарды мемлекеттік тілде оқытатын курс ашты. Студенттерді дуальді оқыту жөнінде оқу орындарымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Allur жоғары инженерлік мектебі ашылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде отандық машина жасау саласын дамытудың маңыздылығын, жергілікті инженерлердің және техникалық мамандардың біліктілігін арттырудың өзекті екенін атап өтті.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды