«Жеңіс» футболшысы жол апатынан қаза тапты
Астана мен Павлодар тасжолында ауыр жол апаты болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 23 қыркүйекте әйелдер футбол клубы «Жеңіс» ойыншысы Виктория Кайсаринова жол апатынан көз жұмды. Қайғылы оқиға Астана мен Павлодарды жалғайтын тас жолда болған.
Кайсаринова отырған көлік жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Соның салдарынан көлік жүк машинасымен соқтығысқан.
Футбол клубы команданың сүйікті ойыншысы мен нағыз досын жоғалтқанын айтып, марқұмның жақындарына көңіл білдірді.
«Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория жарқын ойыншы және нағыз дос болды. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, соңғы уақытта жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Батыс Қазақстанда биылдың өзінде жол апатынан 50-ден астам адам қайтыс болған.
Материал авторы