Ресейге кеткен картоп, жоғалған миллиардтар: бұрынғы әкім орынбасары мемлекетке 1,8 млрд теңге қарыз болып қалды

24.09.2025, 10:47
391
Ресейге кеткен картоп, жоғалған миллиардтар: бұрынғы әкім орынбасары мемлекетке 1,8 млрд теңге қарыз болып қалды depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысындағы бұрынғы шенеуніктің компаниясы бюджетке 1,8 млрд теңге қарыз болып шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында бұрынғы шенеунікке тиесілі «Baystone» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғалды. Компания мемлекетке 1,8 млрд теңге қарыз болып қалған.

«Baystone» әлеуметтік маңызы бар көкөністерді тұрақтандыру қорына жеткізуге жүздеген миллион теңге, кейін көкөніс қоймасын салуға тағы бір миллиард алған. Бірақ не картоп келмеді, не жаңа қойма салынбады. «Ақжайық» дерегінше, бөлінген қаржыны компания иелері заңсыз шығарған.

Орал соты «Baystone»-нан 1,8 млрд теңге өндіріп алуды ұйғарды. Компанияның есепшоттары мен мүлкіне тыйым салынды.

Сонымен қатар, әлеуметтік бағаға алынған картоптың бір бөлігі Ресейге шығарылып, қымбатырақ сатылған болуы мүмкін деген күдік бар.

Компанияны бастапқыда кәсіпкер, бұрынғы мәслихат депутаты және «Батыс» басшысы Сергазы Ісембаев құрған. 2025 жылғы ақпанда ол фирманы бизнесмен Станислав Качалоға сатқан. Качало 2000-жылдары БҚО әкімінің орынбасары болған. Қазір дәл осы Качало миллиардтаған берешекпен қалған компанияның жалғыз иесі ретінде тіркелген.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан