Таразда 14 жастағы мектеп оқушысы суицид жасады

24.09.2025, 13:16
367
Таразда 14 жастағы мектеп оқушысы суицид жасады UNICEF/2014/Giacomo Pirozzi

Полиция тергеу бастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Таразда 14 жастағы қыздың қайғылы қазасы қоғамды алаңдатып отыр. Қызды анасы үйде тауып алған, бірақ оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер оны аман алып қала алмады, деп хабарлайды «Kazinform».

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 3-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») бойынша іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның нақты себебін анықтап жатыр.

Марқұм №26 мектептің 9-сыныбында оқыған. Білім басқармасы қыздың үлгерімі жақсы, тәртіпті, мұғалімдер мен сыныптастары арасында сыйлы болғанын хабарлады. Ол бұрын психолог немесе дәрігерлердің есебінде тұрмаған.

Облыстық білім басқармасы арнайы жұмыс тобын құрып, отбасыға психологиялық көмек көрсеткенін айтты.

«Қыздың жақындарына қолдау көрсету мақсатында психологиялық қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Қазіргі басты міндет — ата-анасына және сыныптастарына көмек беру», — делінген ресми хабарламада.

Жамбыл облысында соңғы айларда балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары жиілегені алаңдатады. Биыл жазда да бірнеше ауылда және Тараз қаласында бірнеше жасөспірімнің қазасы тіркелген еді. Сарапшылар бұл мәселе бойынша ата-аналарға, мұғалімдерге және жергілікті билікке ерекше назар аударуды ескертеді.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан