Алматыда «Вагнер» шебінде Украинаға қарсы соғысты деген қазақстандықтың соты басталды

24.09.2025, 14:53
298
Алматыда «Вагнер» шебінде Украинаға қарсы соғысты деген қазақстандықтың соты басталды «Защитники Отечества | Башкортостан», «ВКонтакте»

АҚШ-та ұсталған қазақстандық Алматыда «Вагнер» ісі бойынша сот алдында жауап бермек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда Ресейдің жеке әскери компаниясы «Вагнермен» байланысы бар деп айыпталған Тимур Пралиевтің ісі қарала бастады. Сот процесі Алмалы аудандық сотында өтіп жатыр. Бұл туралы «За нами уже выехали» Телеграм-арнасы жазды.

Пралиев ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы («Шет мемлекеттердегі қарулы қақтығыстарға немесе әскери іс-қимылдарға қатысу») бойынша айыпталуда.

Бұл есім қазақстандық БАҚ-та биылдың басында алғаш рет аталды. Сол кезде «Азаттық» радиосы Пралиевтің АҚШ-та Мексикамен шекараны заңсыз кесіп өтпек болғанда ұсталғанын хабарлаған еді. Тергеу дерегіне сәйкес, ол Рио-Гранде өзенін жүзіп өтуге тырысқан. Қолында қолма-қол ақша, рюкзакқа салынған дрон және екі түрлі паспорт — қазақстандық және ресейлік — болған.

АҚШ-тағы тергеу кезінде ол ресейлік ЧВК «Вагнермен» байланысы барын және Ресейде «жауынгерлік ардагер» куәлігін алғанын мойындаған. Кейіннен қандай жолмен Қазақстанға жеткізілгені ресми жария етілмеді, бірақ бүгін Пралиевтің Алматыда сот алдында жауап беріп жатқаны белгілі болды.

Айыпталушының мүддесін адвокатпен бірге әкесі — Ғалымжан Пралиев қорғауда. Ол бұған дейін ұлының он жылдан аса хабарсыз кеткенін айтып, жағдайға таңданысын білдірген.

Айта кетейік, Қазақстанда шет елдегі соғыс қимылдарына қатысқандарға қатысты қылмыстық іс соңғы айларда жиілеп отыр. Тамызда Атырау тұрғыны Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды