Журналист ауыл шаруашылығы министрін өтірік айтты деп айыптады

24.09.2025, 16:19
572
Журналист ауыл шаруашылығы министрін өтірік айтты деп айыптады primeminister.kz

Журналист Астанадағы полиция департаментіне арыз түсірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист әрі блогер Кирилл Павлов Астанадағы полиция департаментіне Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа қатысты арыз жазды.

Павловтың шағымына Сапаровтың қазақстандық сүт өнімдеріне қатысты сөзі себеп болған.

«Қазақстан 100% сүт өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етеді деген шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату фактісі бойынша ауыл шаруашылығы министрі Сапаровқа арыз жаздым. Президент әкімшілігі бұл істі бақылауға алсын», — деп жазды ол.

Журналисттің айтуынша, ресми статистика мен халықаралық деректер министрдің сөзіне қайшы. 2024 жылы Қазақстан 183 мың тонна сүт пен сүт өнімдерін импорттап, оған 410,7 млн доллар жұмсаған. Ірімшік пен сүзбе нарығының 48%-ы, май мен сүт-май өнімдерінің 15%-ы импортқа тәуелді.

Бұл Павловтың Ауыл шаруашылығы министрлігімен арадағы алғашқы дауы емес. Маусым айында блогер Астанада Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының талабымен сотта жеңілген. Ол кезде министрлік Жамбыл облысындағы шегірткеге қатысты мәліметті «жалған» деп тануды талап еткен еді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды