«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билет құны Еуропаны таңғалдырды

24.09.2025, 16:49
374
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билет құны Еуропаны таңғалдырды Instagram/f.c.kairat

Еуропалық беделді басылым Алматыда өтетін ойынның билеттері туралы шолу жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Испанияның беделді спорт басылымы AS.com Алматыда өтетін тарихи ойынды ерекше атап өтті. 30 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Чемпиондар лигасының осындай деңгейдегі матчы — «Қайрат» пен мадридтік «Реалдың» кездесуі өтпек.

Газеттің мәліметінше, билет сату 23 қыркүйекте басталып, сол күні-ақ түгел сатылып кеткен. Тіпті бір сәтте онлайн-кезекте 250 мыңға жуық адам тұрған — бұл Алматыдағы Орталық стадион сыйымдылығынан (23 мың орын) үш есе көп.

Еуропа БАҚ-ын ең қатты таңғалдырған — баға. Билеттер 30 мың теңгеден (шамамен 46 еуро) басталып, ең қымбат орындар 250 мың теңгеге (шамамен 400 еуро) дейін жеткен. Испандық журналистер мұны Қазақстандағы ең төменгі жалақыны ескергенде «аспанмен тең» деп атады.

Дегенмен AS.com жазғандай, бағалар Чемпиондар лигасының халықаралық стандарттарына сәйкес қойылған.

Ал қазақстандық жанкүйерлер әлеуметтік желіде бағаны ғана емес, онлайн-сауда платформаларының істен шығып, көпшілікті ұзақ кезекте қалдырғанын да сынға алды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды