Енді блогерлер казино жарнамасы үшін жауап береді

24.09.2025, 17:33
333
Енді блогерлер казино жарнамасы үшін жауап береді әлеуметтік желіден

Депутат онлайн-казино жарнамалаған блогерлерді қатаң жазаға тартуға шақырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда онлайн-казиноны ғана емес, оны жарнамалаған блогерлерді де қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

«Онлайн-казино — лудоманияның басты себебі, ал бұл дерттен айығу өте қиын. Сол үшін біз тек ұйымдастырушыларды емес, жарнамалаушыларды да жазалауды ұсынып отырмыз. Қазір бұл ұсыныс мемлекеттік органдар деңгейінде талқылануда. Азаматтар қолдайды деп ойлаймын, өйткені қанша отбасы құмар ойын кесірінен күйрейді», — деді Елемесов.

Шенеунік блогерлердің ықпалы ерекше екенін атап өтті.

«Блогерлер — көптің сеніміне ие тұлғалар. Олар казиноны жарнамалағанда, адамдарды ойнауға итермелейді. Агрессивті жарнама көбіне жеңіл ақша уәде етеді, түрлі розыгрыштар ұйымдастырады. Сондықтан мұндай контенттің салдарынан қайғылы жағдайлар орын алса, блогерлер де жауапкершіліктен қашпауы тиіс», — деп қосты ол.

Бұған дейін сенатор Геннадий Шиповских та онлайн-казино мен жалған розыгрыштарды жарнамалаған блогерлерге жазаны күшейтуді ұсынған еді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді