Трампқа қастандық жасамақ болған айыпталушы сот залында өзіне қарындашпен қол салуға тырысты

25.09.2025, 11:44
526
Трампқа қастандық жасамақ болған айыпталушы сот залында өзіне қарындашпен қол салуға тырысты Reuters

Айыпталушы Трамптың гольф алаңында қарумен жасырынып жүрген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-та 2024 жылы Дональд Трампқа қастандық жасамақ болған Райан Рутқа қатысты үкім жарияланған соң күтпеген жағдай болды. 59 жастағы ер адам сот залында өзіне қол жұмсамақ болып, мойнына қарындаш сұғып жібермек болғанын Bild жазды.

Оқиға Флорида штатының Форт-Пирс қаласындағы сотта тіркелді. Қауіпсіздік қызметкерлері жедел араласып, Рутқа ауыр жарақат салуға мүмкіндік бермеді.

«Әке, мен сені жақсы көремін! Ештеңе істеме, мен сені құтқарамын. Ол ешкімге зиян тигізген жоқ», – деп айғайлады сотта отырған оның қызы.

Бірнеше минуттан соң айыпталушыны қайтадан залға әкелді. Киімінде көзге көрінерлік қан іздері болмады.

Райан Рут 2024 жылғы қыркүйекте Флоридада Трамптың гольф алаңы маңында қарумен жасырынған жерінен ұсталған еді. Оны алдымен арнайы қызмет байқап, оқ атқанымен, Рут қашып кеткен, кейін қолға түсті.

Сот барысында ол өзін өзі қорғап, кінәсін жоққа шығарды.

«Мен шүріппені басқан жоқпын, сондықтан мені соттай алмайсыңдар» деп мәлімдеді. Бірақ алқабилер оны кінәлі деп таныды.

Райан Рутқа нақты жаза желтоқсанда жарияланады. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды