Алматыда мүгедек жанды мәжбүрлеп психиатриялық сараптамаға әкетпек болған

25.09.2025, 15:24
342
Алматыда мүгедек жанды мәжбүрлеп психиатриялық сараптамаға әкетпек болған бейнежазбадан

Куәгерлер полицияны шақырып, ер адамды әкетуге жол бермеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда ІІ топтағы мүгедекті белгісіз адамдар күшпен психиатриялық ауруханаға жеткізбек болған. Олар өзін полиция қызметкерлері деп таныстырғанымен, ешқандай ресми құжат көрсетпеген.

Мария Басараб есімді сенімді өкілдің айтуынша, азаматты күштеп әкету әрекеті оның ірі компанияға қарсы сотта жеңіске жетуімен байланысты. Компания ер адамның ақыл-есі дұрыс емес деп танылуына мүдделі болуы мүмкін, өйткені ол сот шешімі бойынша қомақты өтемақы алуы тиіс.

Бейнежазбада ер адамға дөрекілік танытылғаны көрінеді. Ал Қарағанды облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасының майоры Абай Қабыкен әрекеттерін «басшылық бұйрығы» деп түсіндірді.

Куәгерлер жергілікті полицияны шақырып, ер адамды әкетуге жол бермеді. Кейін барлық тарап аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Жәбірленуші Данияр Қойбагаровтың туыстары бұл әрекетті заңсыз деп санайды және әділдікке қол жеткізетіндерін мәлімдеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді