534

Қазақстанға күтпеген жерден Джеки Чан келді

Жұрт оны Қайрат пен Реал ойынын көруге келді дейді.

Қазақстанға күтпеген жерден Джеки Чан келді
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыға аты аңызға айналған актер әрі жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чан ұшып келді. Оны әуежайда Salem Entertainment медиакомпаниясының өкілдері қарсы алды.

Әлемдік киножұлдыздың келуі әлеуметтік желілерде үлкен талқылауға себеп болды. Кейбіреулер оның Алматыда өтетін тарихи матчта — «Қайрат» пен «Реал Мадрид» кездесуінде бой көрсетеді деп болжауда.

Алайда дереккөздерге сүйенсек, Джеки Чанның сапары киноиндустриямен байланысты. Ол Salem Entertainmentтүсіріп жатқан жаңа фильмнің («Құдайдың сауыт-сайманы 5») түсіріліміне қатысу үшін келген.

Материал авторы