«Не жүре, не тұра алмаймын»: Ақтөбелік әйел кесар тілігі кезінде қуығын кесіп жіберген дәрігерлерді сотқа бермек

25.09.2025, 17:15
368
«Не жүре, не тұра алмаймын»: Ақтөбелік әйел кесар тілігі кезінде қуығын кесіп жіберген дәрігерлерді сотқа бермек бейнежазбадан

Кесарево әйелді азапқа салған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде жоспарлы кесарь тілігіне түскен жас ана ауыр жағдайға тап болды. Екі сәбиді дүниеге әкелген соң қуанышы көп ұзамай қайғыға ұласты. Операция кезінде ішкі ағзалары зақымдалып, қазір ол мүгедектікке жақын халде өмір сүріп отыр.

18 тамызда 2025 жылы Альбина Итегулова облыстық перинаталдық орталыққа жоспарлы кесарь тілігі үшін жатқызылған. Алайда ота барысында әйелдің қуық пен жатырына зақым келген. Енді бұл екі мүше арасында тесік пайда болып, олар «қосылғандай» жұмыс істейді.

«Қазір бәрі бір-біріне өтеді: жатырда жиналған сұйықтық қуыққа құйылады, ал қуықтағысы қайта жатыр арқылы шығады. Бұл дәрігердің салғырттығынан болды деп ойлаймын. Отадан кейін катетерде зәрдің орнына қан жинала бастағанын да бірден байқамады», – дейді науқас.

Альбина айтады, дәрігерлер алғашқы күндері жағдайдың күрделілігін аңғармаған. Тек бесінші күні қызуы көтерілгенде ғана тексеру жасап, ақауды анықтапты. Консилиум уростома қоюды ұсынған – яғни, сыртқа несеп шығаратын қосымша қапшық. Бұл тағы да жаңа операция деген сөз.

Жас ана қазір катетермен күн көруде.

«Бұл – адам төзгісіз азап. Не жүре алмайсың, не отыра алмайсың», – дейді ол.

Альбина қос сәбиіне күтім жасай алмай отыр. Оған қазір анасы көмектесуде, сол үшін жұмысынан да шығыпты.

Оқиға әлеуметтік желі арқылы көпшілікке белгілі болып, мәселе Денсаулық сақтау министрлігіне дейін жетті. Перинаталдық орталық болса, өз кінәсін мойындамайды.

«Ота тәжірибелі бригадамен жасалды, техникалық тұрғыда ешқандай ерекшелік болған жоқ. Мұндай асқынулар көбіне қайталанған кесарь тіліктерінен кейін пайда болады. Науқастың анамнезінде қуыққа жасалған бұрынғы операциялары да бар», – деп түсіндірді перинаталдық орталық директорының орынбасары Светлана Есенаманова.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы квота рәсімдеп, емін Қазақстанда жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.

«Барлық құжаттар дайындалады, біз толық қолдау көрсетеміз», – деді басқарма өкілі Айгүл Куштаева.

Бірақ Альбина Қазақстандағы емнен бас тартып отыр. Ол тек шетелдік мамандардың көмегі толыққанды өмірге қайта оралуға мүмкіндік береді деп сенеді. Сонымен қатар ол дәрігерлерді сотқа беруге дайындалуда.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады