Алматы маңында тағы да асфальт опырылып, жүк көлігі батып кетті (ВИДЕО)

25.09.2025, 17:52
305
Алматы маңында тағы да асфальт опырылып, жүк көлігі батып кетті (ВИДЕО) әлеуметтік желіден

Алматыда жаппай жол опырылып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында ірі жүк көлігі асфальттың шөгуінен жолға батып кетті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Белгілі болғандай, жағдай Іле ауданына қарасты Боралдай ауылындағы «Водник-3» шағын ауданында болған. Кадрларда бірнеше тонналық көлік қозғалып келе жатып, кенеттен астындағы асфальт опырылып, бір бүйірімен жерге кіріп кеткені көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, көлік біраз уақыт орнынан қозғала алмай тұрған. Жолдың астындағы топырақтың бос болуы немесе жер асты құбырларының ескіруі салдарынан асфальт шыдас бермеген болуы мүмкін деген болжам бар.

Әзірге ресми органдар жолдың неліктен опырылғанын нақтыламады. «Жолдың қашан және қалай жөнделетіні, сондай-ақ көліктің шығынын кім өтейтіні тексеру қорытындысынан кейін белгілі болады» деп хабарлады аудандық әкімдік.

Айта кетейік, бұған дейін де Алматы маңында бірнеше рет асфальттың ойылып, көліктердің батып кету оқиғалары тіркелген. Жергілікті тұрғындар мұндай жағдай жиілеп кеткенін айтып, жол сапасына алаңдаулы.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді