SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози «ливиялық қаржыландыру» ісі бойынша қылмыстық топ құрды деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот Саркозиге тағылған төрт айыптың үшеуі бойынша – пассивті сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қаражатты иемдену және сайлауалды науқанды заңсыз қаржыландыру деректері бойынша ақтады. Алайда науқан шығындарын жасыру мақсатында қылмыстық топ құрды деген айыппен кінәлі деп тапты.
Бұған дейін прокуратура жеті жыл түрме жазасын сұраған еді. Ал Саркози өзіне тағылған айыптарды он жылдан астам уақыт бойы үзілді-кесілді жоққа шығарып, істің саяси астары бар екенін алға тартқан.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2007 жылғы президенттік сайлау алдында ол Ливия басшысы Муаммар Каддафиден шамамен 50 миллион еуро көлемінде қаржы алған. Бұл қаражат 2006 жылдың соңында немесе 2007 жылдың басында берілген болуы мүмкін.
Істе басты айыптаушы ретінде ливан-француз кәсіпкері Зияд Такиеддин көрсетілген еді. Ол 2016 жылы Саркозиге Триполиден 5 миллион еуро қолма-қол жеткізгенін мәлімдеген, бірақ 2020 жылы сөзінен бас тартқан.
23 қыркүйекте Такиеддин Бейрутта қайтыс болды. Тергеушілер Саркози оған делдалдар арқылы қысым жасауы мүмкін деген күдікке ілінді. БАҚ дерегінше, куәгерді сатып алуға шамамен 608 мың еуро жұмсалған.
RUS