Алматы тауларында сирек кездесетін қоңыр аю фототұзаққа түсті
Қызыл кітапқа енген аю көзге түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде фототұзаққа Тянь-Шань қоңыр аюы түсіп қалды. Бұл жыртқыш түр Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Мамандардың айтуынша, қоңыр аюлар қылқанжапырақты және жапырақты ормандарда, сонымен бірге субальпілік және альпілік белдеулерде мекендейді. Кейде оларды тіпті жалаңаш жартасты аумақтардан да көруге болады.
Ұлттық парк дерегінше, қазір мұнда 82 аю тіркелген. Әдетте олар қарашаның басында қысқы ұйқыға кетеді.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Тянь-Шань қоңыр аюы – таулы экожүйенің қайталанбас бөлігі екенін атап өтті. Сондықтан оны қорғау мен сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Материал авторы