Трамп Ердоғанға Ресейден мұнай мен газ алмауды ұсынды

26.09.2025, 12:50
603
Трамп Ердоғанға Ресейден мұнай мен газ алмауды ұсынды AFP 2024 / ADEM ALTAN

Түркияға Ресей мұнайына тәуелді болмаңдар деп ақыл айтты Трамп.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп 25 қыркүйек күні Вашингтондағы Ақ Үйде Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанды қабылдап, оған ресейлік энергоқорларды сатып алуды тоқтатуды ұсынды.

«Оның ең дұрыс қадамы – Ресейден мұнай мен газ сатып алуды тоқтату болар еді», – деді Трамп журналистерге Ердоғанның қатысуымен.

Сонымен қатар Трамп Түркияға америкалық F-35 ұшақтарын сатып алуға рұқсат беріліп, қорғаныс саласындағы санкциялар алынуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Ол F-35 алғысы келеді, біз бұл мәселені өте нақты қарастырып жатырмыз», – деді АҚШ Президенті. Сонымен қатар, Түркия F-16 ұшақтарын да көптеп сатып алуға ниетті.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияға қарсы санкциялар Трамптың бірінші мерзімінде Анкара Ресейден С-400 ПВО жүйесін алған соң енгізілген еді.

Еуропалық аналитикалық BRUEGEL орталығының дерегі бойынша, Түркия Ресейдің төртінші ірі сауда серіктесі болып табылады. 2024 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 52 млрд долларды құрап, негізінен пайдалы қазбалар мен электроника өнімдері сатып алынған.

Трамп НАТО елдеріне, оның ішінде Түркияға, Ресей мұнайын сатып алуды тоқтатуды ұсынады. Сол жағдайда Украинадағы соғыс «жылдам аяқталады», деп есептейді АҚШ Президенті.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды