«Иорданның батысында Палестина деген ел болмайды!»: Нетаньяху БҰҰ-да сөз сөйлемек

26.09.2025, 15:55
578
«Иорданның батысында Палестина деген ел болмайды!»: Нетаньяху БҰҰ-да сөз сөйлемек AFP

Израиль Палестинаны мемлекет ретінде мойындауға қарсы шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жұма күні БҰҰ Бас ассамблеясында мінберге шығады. Оның жыл сайынғы сөзін биыл ерекше назарда күтіп отыр: бірқатар Батыс елдері ресми түрде Палестинаны мемлекет ретінде мойындап, Таяу Шығыстағы ахуалды ушықтырған соғысты тоқтатуға шақыруда.

Франция, Ұлыбритания, Бельгия, Португалия секілді елдер қолдаған «екі мемлекет» шешімі Нетаньяхудың пікірінше, «ешқандай негізсіз». Бұған қоса, Еуроодақ Израильге қарсы санкциялар пакетін талқылап жатыр.

Израиль басшысына Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот «адамзатқа қарсы қылмыстар» бойынша ордер шығарған. Ал БҰҰ-ның Жоғарғы сотында Оңтүстік Африканың «Израиль Газа секторында геноцид жасады» деген шағымы қаралуда. Тель-Авив бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Нетаньяху қарсыластарына жауап ретінде:

«Қанды қырғыннан кейін Палестинаны мойындағандар терроризмге үлкен сыйлық беріп отыр. Иорданның батысында палестиналық мемлекет болмайды», – деп қатаң мәлімдеді.

АҚШ Палестинаны әлі күнге дейін мемлекет ретінде мойындаған жоқ және Израильге қолдау көрсетіп келеді. Дегенмен президент Дональд Трамп кеше Израильдің Батыс жағалауды аннексиялауына жол бермейтінін айтты.

Бір күн бұрын БҰҰ-да Палестина басшысы Махмұд Аббас онлайн үндеу жасап, әлемді әділдікке шақырды:

«Палестина халқы оккупациядан құтылып, заңды құқықтарына ие болуы тиіс. Бұл халықаралық қауымдастықтың міндеті», – деді ол.

Палестиналықтар болашақ мемлекетті Иорданның батыс жағалауына, Шығыс Иерусалим мен Газада көруге үмітті. Алайда Нетаньяху мұндай жоспарға түбегейлі қарсы.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды