561

Президент Әкімшілігі соңғы тағайындаулардың себебін түсіндірді

Жұмыстың нәтижелілігін күшейту үшін дейді Руслан Желдібай.

Президент Әкімшілігі соңғы тағайындаулардың себебін түсіндірді
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысының көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Үкіметтегі соңғы кадрлық өзгерістерге қатысты түсініктеме жасады.

Оның сөзінше, бұл қадам қалыпты ротация шеңберінде жасалған.

«Мақсат – мемлекеттік жүйенің негізгі бағыттарындағы жұмыстың нәтижелілігін күшейту. Президент Жолдауында ұлттық экономикаға инвестиция тарту бірінші кезектегі міндет ретінде белгіленді», – деді Желдібай.

Бұл жауапты бағыт тәжірибелі дипломат Мұрат Нұртілеуге сеніп тапсырылды. Ол халықаралық деңгейде инвестициялық және сауда байланыстарын дамытуға басымдық береді.

Сондай-ақ Президент Жарлығымен Жаслан Мәдиев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып бекітілді. Ол Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыруға бағытталған стратегиялық міндеттерді жүзеге асырады.

Ал Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Премьер-министрдің келісімімен Оқу-ағарту министрі қызметіне келді.

«Жаңа министрдің қоғамдағы белсенділігі мен білім саласындағы тәжірибесі ескерілді», – деп атап өтті Руслан Желдібай.

Материал авторы