SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 28 қыркүйекте Қостанай облысы прокуратурасының және ҰҚК департаментінің бірлескен операциясы барысында Рудный қаласының прокуроры қолға түсті. Бұл туралы Orda.kz жазды.
Ведомствоның баспасөз қызметі ұсталған шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Алайда өзге деректер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмей отыр.
Ашық деректерге сүйенсек, сөз болып отырған – Мұрат Үспанов. Ол 2024 жылдың 6 қыркүйегінде Рудныйдың бас прокуроры болып тағайындалған. Бұған дейін Арқалық қалалық прокуратурасын басқарған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, іс сыбайлас жемқорлыққа, яғни пара алу фактісіне қатысты.
RUS