Қазақ баласы Мбаппенің қолтаңбасын алды
Қайратпен ойын алдында Мбаппе кішкентай жанкүйеріне қолтаңбасын сыйлады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Францияның жұлдызды футболшысы Килиан Мбаппе Қазақстандық кішкентай жанкүйердің арманын орындады. Ол алдағы «Қайратпен» өтетін ойын қарсаңында балаға қолтаңба қойып берді.
Әлеуметтік желі қолданушысы aselichka135 жариялаған бейнежазбада Мбаппенің жас жанкүйердің жейдесіне қол қойып тұрған сәті көрінеді.
«Ұлымның арманы тағы бір орындалды», – деп жазды баланың анасы.
Бұл ерекше сәт алматылық «Қайратқа» қарсы матч алдындағы дайындық кезінде болған. Бала үшін әлемдік футбол жұлдызымен кездесу ұмытылмас әсер сыйлады.

Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші