472

Дәурен Айдарқұлов тағы да үйленді

Актер үшінші рет шаңырақ көтерді.

Дәурен Айдарқұлов тағы да үйленді
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актер әрі әзілкеш Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленді. Өнер иесі қуанышты жаңалықты жеке парақшасында жариялап:

«Мен үйлендім. Аллаға шүкір», – деп жазды.

Актердің бұрынғы жұбайы, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова жаңа некеге бақыт тіледі:

«Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын», – деді ол.

Желі қолданушылары Дәуреннің жеке өмірін қызу талқылап жатыр. Көпшілігі пікірінде:

«Осының үйленуі де, ажырасуы да тез», «Ақботамен күшті жарасатын еді», «Бірінші әйелінен де, екінші әйелінен де балалары бар, әйелге тоймайды екен» деп жазды.

Еске салсақ, Дәурен Айдарқұлов экс жұбайы Ақбота-Нұрға бұрын алғыс білдірген болатын.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор