Қазақ жігіті кәрістерге дәрігерлердің жалақысын айтамын деп масқара болды
Айлық 1000 доллар деп қосып айтқанының өзі кәрістердің бір күндік табысы боп шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 7-курста оқитын Нұрсұлтан Оңтүстік Кореяға нейрохирургия бөлімінде тәжірибеден өтуге барған. Ол елдегі дәрігерлердің жалақысы туралы шетелдіктерге айтқанда қатты ұялғанын жеткізді.
“Кешкі ас кезінде Қазақстандағы медицинаны салыстырдық. Дәрігерлердің айлығы туралы сұрағанда ұстаздарыма елдегі жалақыны барынша жоғары көрсеттім: айына 1000 доллар дедім. Олар таңырқап ‘айға ма?’ деп сұрады. Сол кезде мен түсіндім: Кореяда жарты күн жұмыс істесең, Қазақстандағы дәрігерлердің бір айлық айлығын табасың”, – дейді Нұрсұлтан.
Оқушының видеосы желіде жарияланғаннан кейін халық пікір білдірді:
“Жаным ау, қайта 1000 доллар дедсің, шындығында көрсе талып қалар еді", “Бізде 150 мың теңге алатын мамандар бар", “Әрине, медицина сапасы да сол деңгейде”, “Тіпті тек медицинада емес, барлық салада жалақы төмен.”
Бұл оқиға Қазақстандағы медицина саласындағы жалақы мәселесінің шетелмен салыстырғанда қаншалықты төмен екенін тағы бір дәлелдеді.
Материал авторы