Кезек ХАМАС-та. Трамп пен Нетаньяху Газадағы соғысты тоқтату жоспарын келісті

30.09.2025, 09:45
365
Кезек ХАМАС-та. Трамп пен Нетаньяху Газадағы соғысты тоқтату жоспарын келісті AP Photo

ХАМАС қаруын тастаса болды дейді Израиль.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ақ үйде өткен кездесуде Газадағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған жаңа жоспарды талқылады. Трамптың айтуынша, келісімге қол жеткізу «өте жақын».

Америкалық көшбасшы ұсынған 20 тармақтан тұратын құжатта ХАМАС 72 сағат ішінде барлық тұтқындарды босатса, соғыс тоқтатылатыны жазылған. Ал егер ұйым бұл шартты қабылдамаса, Вашингтон Израильге толық қолдау көрсететінін ескертті.

Нетаньяху өз кезегінде жоспарды құптап, ол Израильдің әскери мақсаттарына сай екенін атап өтті. Оның айтуынша, құжат ХАМАС-тың әскери және саяси әлеуетін жойып, Газаның енді қауіп төндірмеуін қамтамасыз етуі тиіс.

Жоспарға сәйкес, ХАМАС қаруын тастаса, оның мүшелері амнистия алады. Газада уақытша басқару органы құрылып, гуманитарлық көмек халықаралық ұйымдар арқылы жеткізілмек. Бұл процесті «Бейбітшілік кеңесі» қадағалайды, оның құрамында халықаралық саясаткерлер, соның ішінде бұрынғы Ұлыбритания премьері Тони Блэр болады.

Франция президенті Эммануэль Макрон бастаманы қолдады, ал Катар мен Мысыр өкілдері құжатты ХАМАС-қа ұсынған. Ұйым әзірге оны «мұқият» қарастыруда.

Айта кетейік, Нетаньяху жуырда Дохадағы авиациялық соққыдан қаза тапқан катарлық азамат үшін ресми түрде кешірім сұрады. Бұл Израильдің Катар аумағына жасаған алғашқы шабуылы еді.

Палестина өкілдері де Трамптың бастамасына үн қатып, бейбітшілікке қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін мәлімдеді.

Қақтығыс 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС-тың Израильдің оңтүстігіне жасаған шабуылынан басталған еді. Содан бері 66 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, ондаған мың адам жарақат алды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды