Абай облысындағы бес ауылға аюлар шабуыл жасап жатыр

30.09.2025, 12:16
350
Абай облысындағы бес ауылға аюлар шабуыл жасап жатыр әлеуметтік желіден

Маңайда аю қаптап, мал қырылып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысының Жарма ауданында қоңыр аюлар малға жиі тиіп, жергілікті тұрғындарды әбігерге салуда.

Қапанбұлақ ауылының тұрғыны Мейрамғалым Жармағанбетовтың айтуынша, жыртқыштар оның көршілерінің 17 малын, өзінен сегіз малды алып кеткен. Ауылдықтардың аюлардың ізі мен жыртқан малдың қалдықтарын жиі кездестіретінін айтады. Жыртқыштар мұнда екінші жыл қатарынан көрініп жүр және бір мезетте бес елдімекенге бірдей қауіп төндіруде. Биылғы жазда кей шаруашылықтар бірден бірнеше малынан айырылған.

Жергілікті жұрт биліктен тез арада әрекет етуді талап етіп отыр. Ал Жарма ауданы әкімдігі жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. Оның құрамына әкімдік өкілдері, құқық қорғау органдары, тиісті сала мамандары және аңшылар кірген. Барлығы 28 адамның атына қару ұстауға рұқсаты бар.

Қазір комиссия іске кірісті. Әкімдік мәселені бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды