SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, YouTube бейнехостингі АҚШ президенті Дональд Трамптың аккаунтын бұғаттауға қатысты сот дауын реттеу үшін 24,5 миллион доллар төлеуге келісті. Бұл шешім 30 қыркүйекте жарияланды.
Келісім аясында 22 миллион доллар Ұлттық аллея қорының («Trust for the National Mall») есебіне аударылады. Ұйым Ақ үйге қарасты жаңа бальный залдың құрылысына жауапты. Қалған 2,5 миллион доллар іс бойынша басқа талапкерлерге — жазушы Наоми Вульф пен Америкалық консервативтік одаққа бөлінбек.
YouTube-қа иелік ететін Alphabet корпорациясы — Трамппен бітімге келген үшінші ірі технологиялық компания. Бұған дейін Meta Platforms 25 миллион доллар, ал X (бұрынғы Twitter) 10 миллион доллар төлеуге келіскен еді.
Экс-президент 2021 жылы Ақ үйден кеткен соң бірқатар компанияға қарсы сотқа жүгінген. Себебі Facebook, Instagram, YouTube және Twitter оның аккаунттарын Капитолийдегі 6 қаңтар оқиғасынан кейін бұғаттаған. Әлеуметтік желілер Трамптың жазбалары тәртіпсіздікті қолдады деп шешкен.
RUS