335

Ақмолалық қыз Көкшетау – Нұрлы Жол пойызының терезесін сындырды

Қыз кешігіп келгеніне ызаланып, пойызға тас лақтырған.

Ақмолалық қыз Көкшетау – Нұрлы Жол пойызының терезесін сындырды
Alexandr Zaleskiy / zaleskiy.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Елтай станциясында 22 жастағы Ақмола облысының тұрғыны Көкшетау – Нұрлы Жол бағытындағы электропойызға кешігіп жетіп, машинистің кабинасына тас лақтырып, терезені сындырған. Бұл оқиға локомотив бригадасының жарақат алуына және қозғалыстың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін еді.

Транспорт полициясы қызды бөтен мүлікті қасақана зақымдағаны үшін жауапкершілікке тартты. Ведомство азаматтарға пойыздар мен теміржол объектілерінде тәртіпті сақтауды, кез келген заңсыз әрекет – мүлікті зақымдау, жолға бөгде зат қою немесе стоп-кранды рұқсатсыз пайдалану қатаң қудаланатынын еске салды.

Жыл басынан бері транспорт полициясы пойыздардың 1170 рет кенеттен тоқтауын тіркеген, оның ішінде 49 оқиға шыныны сындыруға байланысты болған.

Материал авторы