Атырауда белгісіз ер адам кішкентай баланы өзімен алып кетпек болған
Ер адам қолға түскен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 29 қыркүйек күні кешке Нұрсая шағын ауданында белгісіз ер адам сегіз жастағы қызды алып кетуге әрекет жасады. Куәгерлер уақытында араласып, баланы қорғап, полицияға хабарлаған.
Полиция мәліметінше, 1987 жылы туған күдікті анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші