SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ауыл тұрғындары малдың уланған су ішкен болуы мүмкін деп қауіптеніп, шенеуніктерден судың қауіпсіз екенін дәлелдеуін талап етті.
Ауыл тұрғындарының талабын орындау үшін шенеуніктерге су ішіп көрсетуге тура келді. Дегенмен, жергілікті халық әлі де өз денсаулығы мен малдардың жағдайынан алаңдаулы.
«Қырылған малдардан тексеру жүргізілді. Пастереллез және эмкар сияқты қауіпті аурулардың жоқтығы тексерілді. Сонымен қатар улану мүмкіндігіне қатысты материалдар зерттелді. Сараптама нәтижелері 4 қазанға дейін белгілі болады», – деді ШҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы Мухтар Жанкебаев.
Экологтардың мәліметінше, топырақ пен су үлгілері тексеріліп, қауіп деңгейінің шектен шыққаны анықталмаған. Малдың қырылу себебі туралы соңғы қорытынды мамандар аптаның соңына дейін жарияланбақ.
RUS