Сергей Пен MNU Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары болып тағайындалды

30.09.2025, 13:37
253
Сергей Пен MNU Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары болып тағайындалды фото: mnu.kz

Maqsut Narikbayev University (MNU) басшылық құрамында кадрлық өзгерістер болды. Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект (ЖИ) жөніндегі орынбасары қызметіне Сергей Пен тағайындалды.

Университетте басқару құрылымын трансформациялау барысында академиялық блоктан ғылым, инновация және ЖИ-ді біріктіретін жаңа бағыт бөлінген. Ол үшін қосымша лауазым – басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары пайда болды. Бұл шара зерттеу әлеуетін дамытуға, инновацияларды енгізуге және білім беру мен ғылыми процестерде ЖИ-ді пайдалануға жеке назар аударуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, MNU құрылымында жаңа лауазымның енгізілуі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған республиканы цифрлық мемлекетке айналдыру мақсатын іске асыру аясында аса өзекті болып отыр.

Сергей Пен еңбек жолын 2001 жылы Қарағанды қаласының полициясында тергеуші болып бастаған, содан кейін мансабын ғылым мен білімге арнаған. Әр жылдары ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының оқытушысы, доценті, Қарағанды «Болашақ» университеті Заң факультетінің деканы болып жұмыс істеді. 2012 жылы Maqsut Narikbayev University командасына қосылды, онда Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасын басқарды, Құқық жоғары мектебінің деканы болды, ал 2019 жылы Провост (ректор) болып тағайындалды.

Сергей Пен ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын үздік бітірген (2001 ж.). Ол ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Қазақстан заңгерлер одағының, Конституциялық және Жоғарғы соттар, Әділет министрлігі жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестердің құрамына кіреді. Сондай-ақ заң ғылымдарының кандидаты, доцент және бірқатар ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды