SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 22 жастағы Қарағанды тұрғыны сұлулықтың орнына ауыр сынаққа тап болды. Ол кеудесін үлкейту үшін астанадағы клиникалардың біріне жүгінген, алайда нәтиже асимметрия мен денсаулығына қатысты жаңа мәселелерге ұласты.
Вера Тен есімді блогер әлеуметтік желіде гламур өмірін көрсетіп, сымбатты мүсінін жиі паш ететін. Өткен жылы ол өзін одан әрі жетілдіру үшін пластикалық ота жасауға бел буған. Таңдау жақсы пікірлер жинаған астаналық орталыққа түсті. Бірақ күткен нәтижесі болмады: кеуде асимметриясы пайда болып, қайта жасалған екінші ота да жағдайды түзете алмады.
«Әр операциядан кейін жағдай ушыға берді. Маммологтың қорытындысында маған капсулярлық контрактура қойылды. Алғашқы кезден-ақ имплантты ауыстыру қажет болған, бірақ ол бұл деректі жасырып, қайта-қайта ота жасай берді. Ақырында мені мүлде жарақаттады», – дейді Вера.
Кейін блогерге қайта имплант ауыстыру жасалды, бірақ денсаулығы жақсармады. Қыздың айтуынша, бірнеше рет наркоз алу салдарынан ағзасы әлсіреп, шашы түсе бастаған. Ол бүгінде плазмотерапия мен қымбат емге ай сайын шығындануда.
Жас әйел дәрігерді сотқа беріп, бес миллион теңге көлемінде өтемақы талап еткен. Бірақ сотта талапкердің арызды дәрігердің өзіне емес, клиникаға бағыттауы тиіс екені анықталды. Ал атышулы хирургтың 20 жылдан астам тәжірибесі бар, көптеген алғыс хаттары тіркелген. Оның қорғаушысы пациенттің өзіне жауапкершілік артады.
«Барлық төрт ота пациенттің жеке өтінішімен жасалды. Медициналық асқынулар тіркелмеді. Егер олар болған болса, бұл науқастың ұсынылған режимді сақтамауы, компрессиондық іш киімнен бас тартуы немесе дәрігер кеңестерін елемеуімен байланысты болуы мүмкін», – дейді адвокат.
Қазір даулы жағдайға тәуелсіз сарапшылар нүкте қоюы тиіс. Вера Тен сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет сапасын бақылау комитетіне шағымданған.
RUS